Жаңалықтар

Б.Мәкен: Еріктіге берілетін сыйақы елу мың теңгеге көтеріледі

Б.Мәкен: Еріктіге берілетін сыйақы елу мың теңгеге көтеріледі
22.11.2019 16:50 1997

Осы жылы елордада жастарға 1050 пәтер беріледі. Бұл туралы «From kz» халықаралық жастар форумында мәлімдеген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мұндай пәтерлердің жұмыс жасайтын жастарға бес жылға дейін сатып алу құқығынсыз берілетінін айтты.

Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, аталмыш бағдарлама алдағы үш жылға дейін жалғасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған халықаралық жастар форумының модераторы қызметін атқарған Бақтияр Мәкен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып жатқан жастарды қолдау шараларын таныстырды.

Б.Мәкен: Еріктіге берілетін сыйақы елу мың теңгеге көтеріледі

«Бүгінде елордалық жастардың саны 245 мың адамнан асып жығылады. Оның ішінде 82 мың студент бар. Жастар жылында жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, бір ғана «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 25 жас кәсіпкерге 75 миллион теңге, «Жас кәсіпкер» категориясы бойынша – 110 млн теңге берілді», - деген Б.Мәкеннің айтуынша, осы жылы 5086 жұмыссыз жас әлеуметтік қамсыздандырылып, әлеуметтік осал топқа жататын 263 балаға жоғары оқу орындарында білім алу үшін оқу гранттары берілген.

Б.Мәкен: Еріктіге берілетін сыйақы елу мың теңгеге көтеріледі

Б.Мәкен сондай-ақ, келесі жылы жоғары оқу орындарында еріктілік қызмет атқаратын 800 студентке төленетін сыйақыға бөлінген квота көлемін 20 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін арттыру туралы жоспармен бөлісті.

Б.Мәкен: Еріктіге берілетін сыйақы елу мың теңгеге көтеріледі

«Жастарға бағытталған іс-шаралар болашақтың ең тиімді салымы болады деп ойлаймын», - деген Б.Мәкен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының дамуына екпін бере отырып, жастардың Ассамблеяның барлық жобаларына қатысуына жол ашқанын айтты.

Бөлісу:

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға