Жаңалықтар

Бүгін ашылған Татуласу орталығында Астананың ҚХА медиаторлары тегін кеңес қызметін көрсетеді

Бүгін ашылған Татуласу орталығында Астананың ҚХА медиаторлары тегін кеңес қызметін көрсетеді
13.02.2019 03:58 2632

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында Астананың «Қоғамдық келісім» КММ-і мен Бірыңғай қызмет көрсету орталығының кәсіби медиаторлары бірігіп, «Татуласу орталығы» пилоттық жобасы бойынша ұсынымдарды талқылау жөнінде біріккен жиналысын өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша филиалдың қоғамдық қабылдауы жанында «Татуласу орталығын» ашып, онда кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдауға келіп түскен арыздар бойынша азаматтарға медиативті рәсімдер мен кеңес беру қызметтерін тегін көрсететін болып шешілді. Айта кетейік, Орталық бүгіннен бастап жұмыс істей бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға