Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГРЕК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГРЕК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ
25.10.2018 11:09 1886

Қазақстанның гректер қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өткізді. 

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мен түсіндіру бойынша «Филия» Қазақстан гректерінің бірлестіктері қауымдастығының жиналысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ақсақалдар, «Филия» Қазақстан гректерінің бірлестіктері қауымдастығының, Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және жастар қатысты.

Өз кезегінде қатысушылар білім беру мекемелерінде дайындау сапасына талаптарды күшейту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мәселелері мен құқық қорғау органдарында алдағы уақытта орын алатын реформа, бюджеттік қаржыны тиімді жұмсау арқылы инфрақұрылымды дамыту, салауатты өмір салтын қолдау мен дамыту жөнінде және Жолдауды жүзеге асыруда жастар рөлінің маңыздылығы туралы ой-пікірлерін білдірді.

«Филия» Қазақстан гректерінің бірлестіктері қауымдастығының төрағасы П.И.Феодориди баяндама жасап, еліміздің қазіргі дамуында Жолдаудың өзектілігін атап өтті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға