Жаңалықтар

Қазақстанның аймақтарында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні түрлі шаралармен аталып өтті

Қазақстанның аймақтарында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні түрлі шаралармен аталып өтті
05.06.2019 10:53 3741

Қазақстанның аймақтарында облыстық Ассамблеялар ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырып өткізді.

Мысалға, Петропавл тұрғындарына конверттен үш сұрақ тартуды ұсынды. Әрбір дұрыс жауап үшін оларға тәтті сыйлықтар мен ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы негізгі ақпараты бар жадынама табыс етілді.

60503251_591338008036943_5761049199688796457_n.jpg

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, акцияға қатысушылар өз білімдерін жаңартудың жақсы сәті түскеніне дән ризашылықтарын білдірді. Әнұранның авторларын кез-келген оқушы атай алатындай сияқты, бірақ кейбір асығыс өтіп бара жатқан адамдардың аңдаусызда үстінен түскен сәтінде оның мәтінін бәрі жатқа білетінін аңғардық, бірақ авторларын көпке дейін естеріне түсіре алмағандары да болды. Біреулері Ту мен Елтаңбадағы түстер мен бейнелер нені бейнелейтінін оңай  жауап берсе, басқалары дұрыс жауап бермесе де, пайдалы ақпаратты білуге разылықтарын білдірді.

Ал Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты форум өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде сахнаға Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

ED2_1867.jpg

Форумда Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтау сөз сөйлеп, қаланың кәмелетке толған жастарына жеке куәліктерін табыс етті. Бірнеше мемлекеттік қызметке қабылданған жастар елге адал қызмет етуге ант берді.

Форум Талдықорған қаласының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ал Алматыда қалалық ҚХА жастары Мемлекеттік рәміздер күнін акциямен атап өтті.

Іс-шараға Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, Алматы қалалық «Жарасым» РЖҚ мүшелері, Еріктілер лигасының мүшелері, Smart-мектебі және белсенді жастар қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясы оркестрімен еліміздің Мемлекттік Әнұрыны орындалды.

IMG_0115.JPG

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, «Ирныхас» Осетин этномәдени бірлестігінің төрғасы Казбек Мамсуров құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, «Қазақстан» «Қазағым» әнімен, «Бәріміз қазақпыз» әндері мерекенің сәнін кіргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға