Жаңалықтар

Қазақстандық жастар «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» форумына қатысты

Қазақстандық жастар «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» форумына қатысты
20.11.2019 16:48 2429

14-16 қараша күндері Санкт-Петербург қаласында VІІІ Халықаралық мәдениет форумы өтті. Бұл Ресейде дәстүрлі түрде халықаралық деңгейде өткізілетін шаралардың бірі. Осы жылы форум аясында ұйымдастырылған түрлі алаңдарда әлемнің 96 мемлекетінен 40 мыңға жуық адам бас қосты.

Қазақстандық жастар «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» форумына қатысты

Форум аясында «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Пікірталасқа Қазақстан тарапынан ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасының орынбасары – «Жарасым» РЖҰ-ның төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты. Ол әріптестеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар саясаты бағытындағы жұмысын түсіндіріп, қазақстандық түрлі этностардың өз тілдерін меңгеруі, ұлттық құндылықтарын білуі үшін жасалып жатқан жағдайдан хабардар етті.

Қазақстандық жастар «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» форумына қатысты

«Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Осыдан бір жыл бұрын құрылған «Жаңғыру жолы» қозғалысы қазақстандық жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім үлгісінің негізінде 140 жастар ұйымы мен 22 мыңнан астам белсенді жастарды біріктірген үйлестіруші органға айналды. Түрлі этнос жастары жексенбілік мектептерде өз тілдерін меңгеріп қана қоймай, этномәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынас орната алады. Олардың барлығы дерлік өздерінің Қазақстанның біртұтас халқының бір бөлшегі екенін жақсы түсінеді», - деді Т.Жұмырбаев. Форум жұмысы аясында ҚХА жастар қозғалысы өкілі Т.Жұмырбаев Қазақстан Республикасының Санкт Петербургтегі Бас консулымен кездесіп, ҚХА-ның Ресейдің солтүстік астанасында оқып жатқан қазақстандық студенттерге арналған жобаларды талқылады.

Қазақстандық жастар «Үлкен Еуразия: Мәдениет және жастар» форумына қатысты

Сондай-ақ, форум аясында Ресей этнографиялық мұражайында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Қазақстанның алтын мұрасы» көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.




Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға