Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің негізін қалаушы Лео Шик – 85 жаста

Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің негізін қалаушы Лео Шик – 85 жаста
03.05.2019 00:00 3744

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Шемонайха ауданының және Өскемен қаласының құрметті азаматы, еліміздегі ең алғашқы Достық үйінің негізін қалаушы Шик Лео Богдановичтің туғанына 85 жыл толу мерейтойына арналған кеш өтті.

Мерейтой иесін алғашқылардың бірі болып ШҚО маслихатының хатшысы Владимир Головатюк құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.

Лео Богдановичті құттықтаған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев мерейтой иесінің ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының алғашқы меңгерушісі және еліміздегі Достық үйінің негізін қалаушы бірден бір тұлға екенін мақтанышпен атап өтті.

Өзгеде құттықтаушылар өздерінің ізгі тілектерін айтып, бірлес жұмыс істеген кездеріндегі қайталанбас құнды естеліктерімен бөлісті. Мерекелік кеш мерейтой иесінің құрметіне арналған этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға