Жаңалықтар

Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді

Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді
11.11.2018 03:03 1690

14 қарашада сағат 11.00-11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «Жалпыхалықтық диктант» өтеді.

Оның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады. Астана қаласында диктант Ұлттық кітапхана ғимаратында жазылады.
Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға