ҚХА жастары #meninesimde хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде саяси қуғын-сүргін тарихымен бөлісу туралы бастама жасады

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» X халықаралық форумы алаңында #meninesimde хэштегі арқылы ҚХА жастары әлеуметтік желілерде саяси қуғын-сүргін тарихымен бөлісу туралы бастама жасады.

Бұл туралы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмұрбаев мәлімдеді.

Ол ертең табысқа жетуде қасіретті жылдардың қателіктері қайталанбас үшін өткен ұрпақтың сабақтарын жақсы білу қажет екенін атап өтті.

Спикердің пікірінше, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқан, ұлт зиялыларының көшбасшылары мен тоталитарлық режимнің құрбаны болған адамдарды еске алуға тиіспіз.

«Еске алу кемесін жүргізу және тарихымыздың бұл парақтарын жүректе сақтау жауапкершілігі жас ұрпақтың міндетінде», – деді Тимур Жұмұрбаев.

Ол «Жастардың жобаларындағы тарихи естелік» алаңында талқыланған басты тақырып – ҚХА жастар қанатының ауқымды флагман-жобаларының біріне айналған «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық жобасын еске салды.

Жастармен жұмыс барысында тек ел тарихын ғана емес, өз отбасының тарихын білмеу сияқты жағымсыз құбылыстар да кездеседі.

«Бүгін еркін және креативті форматта қажетті контент құру өте өзекті. Мұрағаттық құжаттарды, материалдарды, экспонаттарды зерделегенде жастарға тарихи жадыны сақтау үдерісіне қатыстылық пен интерактивтілікке мүмкіндік беру керек»,деп түсіндірді Тимур Жұмұрбаев.

Оның айтуынша, тарихи жадыны сақтау үдерісінің сабақтастығын жастар тарихты білсе ғана қамтамасыз ету мүмкін болады. «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумында көріп-білгендерін жастар өзгелерге жеткізгені жөн болар еді.  

«Онда біз тарих жібін жалғаған болар едік. Осыған орай, әлеуметтік желілерде 

#меніңесімде хэштегі арқылы өз ата-бабаларының тарихымен бөлісуді ұсынамыз. Біздің отбасымыз Қазақстан жеріне қалай келіп, оларды қазақ халқы қандай жылылықпен қабылдағанын айтуымыз керек», – деді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары.
Ол аталмыш бастаманы естелік эстафетасын келесі ұрпаққа берудегі маңызды қадам деп атады.

«Келісім мен бірлік біздің барлық табысымыз бен жеңісіміздің тамыры екенін есте сақтауымыз керек. Жастардың дұрыс білім алуы маңызды. Біздің ортақ тарихымызды зерделеп, оны қабылдап, тарихи үдерісті бұрмалаудан құтыла аламыз», – деді Тимур Жұмұрбаев. 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Ұқсас материалдар