Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVII СЕССИЯСЫНА 1500 АДАМ ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVII СЕССИЯСЫНА 1500 АДАМ ҚАТЫСАДЫ
25.04.2019 00:00 1751

29 сәуірде сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» деген күн тәртібімен өтеді. 

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Сессия соңында салтанатты концерт болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға