Жаңалықтар

Атыраудың этномәдени орталықтары Рождествоға арнап қайырымдылық акциялар мен таңертеңгіліктер ұйымдастырды

Атыраудың этномәдени орталықтары Рождествоға арнап қайырымдылық акциялар мен таңертеңгіліктер ұйымдастырды
09.01.2019 10:21 2881

Атырауда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Рождество» мерекесіне орай Қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті. Атырау облысының орыс, славянказак қауымдастығының Атырау облыстық филиалы және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға қуаныш сыйлады.

Одан әрі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы  мәдениет үйінде мерекелік шара жалғасын тапты.

Рождестволық мерекені сүйікті ертегілер және мультипликациялық кейіпкерлердің қатысуымен Аяз Ата мен Ақшақар ашты.

Іс-шара барысында Павел Скляренконың жетекшілігімен орыс халық театры актерлерінің орындауында «Как-то раз под Рождество» спектакль-ертегісінен қойылым көрсетілді.

  

Сонымен қатар, «Светоч» славян этномәдени бірлестігі Рождество мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұсынып, әрі балаларға сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шарада «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары, «Арабеск» би-гимнастика мектебінің бишілері, «Всплеск» шығармашылық тобы өз өнерлерін ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға