Жаңалықтар

Атыраудың №17 мектебінде достығы мен бірлігі жарасқан 23 ұлт өкілдері білім алуда

Атыраудың №17 мектебінде достығы мен бірлігі жарасқан 23 ұлт өкілдері білім алуда
16.11.2018 11:32 2785

 Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Атырау облысында  «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпыреспубликалық акциясы бастау алды.           

Акция аясында бірнеше шара ұйымдастырылып өткізілді.

23 ұлт өкілдері оқитын Атырау қаласының № 17 мектепте «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

5-сынып оқушылары, соның ішінде украин, кәріс, неміс, өзбек, орыс, ұйғыр, түрік ұлт өкілдерінен құралған топтар арасында «Тапқыр достар» сайысы өтті. 

Сайыс барысында Дарья Петенкова, Павел Пан, Валерия Розынова, Озер Севилгултен С.Торайғыров, М.Мақатаевтың ана тілі туралы өлеңдерін оқып,  өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, 10-11 сынып оқушылары арасында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл – рухани қазына» атты  дөңгелек үстел өтті.  Оқушылар қазақ тілінің қолданысы, үштұғырлы тіл саясаты, латын әліпбиі туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 

Сондай-ақ, Исатай, Махамбет, Мақат аудандарында тұрғындар арасында сауалдар жүргізіліп, оқушылар арасында шығармалар байқауы өткізілді.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға