Жаңалықтар

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті
04.12.2019 12:20 2279

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыру мақсатында өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқауы өтті.

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, сайыстың басты мақсаты - ұмыт қалған қазақтың эпостық жырларын жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті

Байқаудың шарты бойынша, бірінші бөлімде қатысушылар сырттай үй тапсырмасы – эссе жазу бойынша, екінші бөлімде эпостық жырларды жатқа айту мен көрініс көрсету бойынша сайысқа түсті.

Байқауға қатысқан түрік, татар, орыс, кәріс ұлт өкілдерінің жастары «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын батыр» жырларын мәнерлеп оқуда ерекше белсенділік танытты.

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті

Нәтижесінде Атырау қаласының № 21 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушысы, кәріс өкілі Анита Лян І орынды қанжығасына байласа, Мақат ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы, татар өкілі Әріпжан Мұғаден жүлделі ІІ орынды иемденді. ІІІ орынды № 4 Юрий Гагарин атындағы орта мектептің бір топ оқушылары және Жылыой ауданының № 16 мектеп оқушысы, өзбек өкілі Диляра Шафигуллина өзара бөлісті.

Жеңімпаздар дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Атырауда өзге этнос жастары арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға