Жаңалықтар

Атырауда мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Атырауда мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі талқыланды
15.04.2019 00:00 2258

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігі және университеттің орыс филология кафедрасының  ұйымдастыруымен «Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында №30 мектеп-гимназиясының,  №17 мектеп-лицейінің оқытушылары мен жоғары оқу орнының орыс филология кафедрасының  оқытушылары,  университеттің орыс тілі мен әдебиеті бойынша күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті Кристина Плотебнева баяндамалар оқып, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі әдістемелік басқару әрекеттері, сондай-ақ болашақ мамандардың педагогикалық практикадағы шығармашылығы және қазіргі жаңартылған білім жүйесіндегі маңызды ақпараттарды жан-жақты талқылап, пікір алмасты.

Шара барысында мектептер мен жоғары оқу орындар арасында өзара тиімді ынтымақтастығы мәселесі де көтерілді.

Сондай-ақ, университеттің 4 курс студенті Кристина Плотебнева педагогикалық практика барысында өткен мектептегі іс-тәжірибесімен ой бөлісіп, студенттерге тың серпін берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға