Жаңалықтар

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті
26.12.2019 10:11 2330

Атырауда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІІ сессиясы өтті.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Сессияның ашылуында сөз алған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қоғамда бейбітшілік пен татулыққа қосып отырған қомақты үлесі туралы, сондай-ақ, келер жылы Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өту туралы маңызды мәселелерге тоқталып, 2019 жылғы Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының атқарылған жұмыстарына оң бағасын берді.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Соның ішінде республикалық және халықаралық іс-шараларда облыс Ассамблеясын лайықты танытып жүрген «Довира» ұжымы, «Татулық» татар-башқұрт, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі ұжымы, облысымызда түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге ұйытқы болған «Былина» этномәдени бірлестігінің Халық кітапханасы шығармашылық орталығы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысы және «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестік ұжымының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету бойынша атқарған жұмыстарын ерекше атап өтті.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Одан әрі сессия жұмысында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2019 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы бейнеролик ұсынылып, Аналар Кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Жібек Мұғауова, АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының атқарушы директоры Виктор Шефер, Жылыой аудандық «Өркен» бөбекжай балабақшасының әдіскері Юлиана Новикова, «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Акмал Амиров және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Атырау облысы бойынша өңірлік штабының көшбасшысы Тамилла Розметованың баяндамалары тыңдалды.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Сонымен қатар, сессия барысында Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» Алтын медалімен этномәдени бірлестіктердің басшылары марапатталды.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Сессия жұмысы облыстық этномәдени бірлестіктері шығармашылық топтарының қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Атырауда ҚХА-ның XXІІІ сессиясы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға