Жаңалықтар

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті
24.10.2019 09:59 1880

Атыраудың Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында «Этнофест» ұлттық мәдени фестивалі өтті.

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті

Мұнайлы өлкеде кең көлемде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған фестивальға арнайы Ақтау қаласынан Өзбекстан Республикасының Бас консулы Нодиржон Тургунов және қала тұрғындары, этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді жастары қатысты.

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті

Көңілді мерекелік шараға 11 этномәдени бірлестік, оның ішінде орыс, славян, казактар қауымдастығы, ұйғырлар қоғамы, кәріс, татар-башқұрт, шешен-ингуш, грузин, славян, өзбек, армян, украин этномәдени бірлестіктері өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін көрермендерге зор ықыласпен таныстырып, бар өнерлерін ортаға салып, мерекеге келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті

Шара соңында фестивальге белсене атсалысқан этномәдени бірлестік ұжымдарына Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының атынан Алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Атырауда алғаш рет «Этнофестиваль» өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға