Жаңалықтар

«Атырау» газетінің тілшісі Мәлике Қуанышева этножурналистика бойынша байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

«Атырау» газетінің  тілшісі  Мәлике Қуанышева этножурналистика бойынша байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
27.11.2018 09:26 2191

Атырау қаласында журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсңмң өтті. 

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде «Атырау» газетінің тілшісі Мәлике Қуанышева 1 орын дипломымен және 200 мың теңге сертификатымен, «Прикаспийская коммуна» газетінің ардагер тілшісі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының мүшесі Любовь Монастырская мен «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Шильман 2 орын дипломымен және 75 мың теңге сертификатымен, «Атырау» газетінің тілшісі Дәулетқали Аруев пен Мақат ауданының «Мақат тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Лена Нұрбаева 3 орын дипломымен және 50 мың теңге сертификатымен марапатталады.

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына белсенділік танытып, қатысқаны үшін «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Салихова, тілші Алмагул Таумұрынова және Атырау облысы бойынша соттар әкімшісі талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Мирас Ғабдоллаев Алғыс хатпен марапатталады.

Сондай-ақ, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Прикаспийская коммуна» газетінің журналисі Регина Валишеваның 65 жасқа толған мерейтойы аталып өтті.

Аталмыш шара барысында сонымен қатар Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы публицист, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгереевтің «Шабыт» және «Шекара асқан ағайындылар» кітабының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, этнограф Абат Кенжеғали «Ұлы дала ұлағаты» атты кітабының тұсаукесерлері өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға