Жаңалықтар

Қарағандыда неміс жастары ұйымының даму мәселелері қаралды

Қарағандыда неміс жастары ұйымының даму мәселелері қаралды
01.10.2018 08:24 1842

 

29 қыркүйек күні Қарағандының Достық үйінде Қазақстан неміс жастар Кеңесінің отырысы өтті.

Шара барысында өңірлік аталмыш ұйымдардың  жасаған жұмыстары мен III тоқсан қорытындысы тыңдалды.

Қолға алынған жобаларға қатысуға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысынің өңірлік өкілдері ниет білдірді.

2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси жүйеде, экономикада және қоғамымыздың рухани саласында ауқымды жаңғыруларды бастап берді.    Ағымдағы жылы «Жаңғыру жолы» қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған стратегиясы бекітіліп, құрылымы мен ережесі қабылданып, штабы сайланған болатын. Сондай-ақ, өңірлік үйлестірушілері анықталып, іс-шаралар жоспары бекітілді. «Жаңғыру жолының» құрылуы – Қазақстанның стратегиялық бағытында жастарға қолдау көрсету. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға