Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ «БІЗ БІРГЕМІЗ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қарағанды облысында Тәуелсіздік күні қарсанында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында жасөспірімдер шығармашылығының «Біз біргеміз!» фестивалі өтті.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ «БІЗ БІРГЕМІЗ!» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
18.12.2018 09:58 2503

Қарағанды облысында Тәуелсіздік күні қарсанында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында жасөспірімдер шығармашылығының «Біз біргеміз!» фестивалі өтті. 

Өмір қиындықтарына төтеп беру, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздеген іс-шараны облыстық ҚХА Жастардың үйлестіру кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының аймақтық штабы, Қарағанды облысы әкімі аппараты ұйымдастырды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық пен тәлімгерлікті дамытуға көп көңіл бөлуде, өйткені жас ұрпақтың бойында толеранттылық, патриотизм, бірлік пен келісім сезімдерін тәрбиелеу  үлкен маңызға ие.

Фестивальға 20-ға жуық бала қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сыйлықсыз қалған жасөспірім болған жоқ, жаны жомарт демеушілер барлығына да сый-сияпат табыс етті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға