Жаңалықтар

Алматыдан Арыс қаласына ҚХА қайырымдылық көмек автотізбегі жөнелтіледі

Алматыдан Арыс қаласына ҚХА қайырымдылық көмек автотізбегі жөнелтіледі
01.07.2019 18:25 5061

2 шілдеде сағат 12.30-да Алматы қаласында («Металл Пром групп» ЖШС, Төле би даңғ., 189 (Гагарин көш. қиылысы) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясының шеңберінде Арыс қаласына қайырымдылық көмек автотізбегі жөнелтіледі.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Алматы қ. ҚХА мүшелері жинаған гуманитарлық көмек, құрылыс материалдары, азық-түлік жөнелтіледі.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нурия Ниязова және республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады деп күтілуде.       


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға