Жаңалықтар

Алматыда ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Алматыда ұлттық тағамдар фестивалі өтті
02.05.2019 00:00 4647

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» фестивалі өтті. 

Фестивальға Алматы қаласында тұратын әртүрлі этностардың ұлттық тағамдары қойылды. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Саттар Мәжитов қатысып, әр ұлттың әзірлеген тағамдары мен концерттік бағдарламаларын тамашалап көрді.

Фестиваль барысында тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айтылып, қонақтарды күту салты таныстырылды. 

«1 мамыр еліміздегі ұлттардың бірлігі күнін атап өттік. Бүгін еліміздгі этностардың ұлттық тағамдарының фестивалін ұйымдастырудамыз. Мұндай шаралар ұлттардың бірлігін, татулығын нығайтып, бір-біріміздің мәдениетімізді терең танып, білуге жол ашады”, - дейді ұйғыр бірлестігінің мүшесі Абдулхалил Толкунтай.

Түрік этностары бірлестігінің мүшесі Тарлана Карибова бүгінгі фестивалға кавказ елінің көне тағамдарын әзірлеп әкелгенін айтады. 

«Бүгін біз даладағы пеште қолдан жасалған көне тағамдарды әкеп отырмыз. Яғни, бұл тағамдарды біздің ата-бабамыз осында жер аударылмай тұрғанға дейін жасап келген. Мәселен, мына «Шәхерлеме» деген тәтті печенье той-томалаққа жасалған. Бұл тағамдар тәтті қарым-қатынасты білдіреді», - дейді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға