Жаңалықтар

Алматыда ҚХА мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында «Ашық есік күні» ұйымдастырды

Алматыда ҚХА мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында «Ашық есік күні» ұйымдастырды
19.04.2019 00:00 3802

ҚР Ұлттық Қауіпсіздің комитетінің Шекара қызметі Академиясында Жастар жылы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен әскери-патриоттық іс-шара өтті

«Ашық есік күнді» ҚХА «Aibyn» әскери-патриоттық клубы ұйымдастырып өткізді.

Аға-ұрпақ өкілдері жастарға тағылымды ой айтып, үлгі болар оқиғаларымен бөлісті.

Іс-шара барысында қару жарақ пен техника көрмесі, әскери үрмелі оркестрдің өнер көрсетуі, этномәдени бірлестіктер мен курсанттардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Концертте Қуат Қонысбеков «Қазақстаным», Нурғазина Сандуғаш «Шекарашы сарбаздар», Айдынұлы Айбек «Қазақша попурри» әнімен қонақтардың көңілін көтерсе, грузиндық ансамбль «Алаверды» «Казбегури» атты биімен концерттің сәнін кіргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға