Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

Алматы облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды
08.01.2019 06:41 2017

Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) төрағасы Амандық Баталов Достық үйінде болып, өңірдегі ҚХА мүшелерімен кездесті.

Аймақ басшысы кездесуге қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктеріне тоқталып өтті. Бұған қоса, аймақ басшысы этносаралық келісім, ынтымақтастық және елдегі бірлік мәселелеріне, мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындайтын міндеттерге қысқаша тоқталып өтті.

Кездесу барысында «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, татар этномәдени орталығының жетекшісі Руслан Валишанов, орыс этномәдени орталығы басшысының орынбасары Лариса Котельникова, аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ғалия Ақбасова сөз сөйледі.

Атап айтқанда, олар Талдықорғанның қарқынды дамуын, оның сәулеттік келбетінің жажаруын, облыс аумағында тұратын әрбір этностың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін сақтау үшін жасалып отырған мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.

Кездесу соңында облыс басшысы ассамблея мүшелеріне Құрмет грамоталар және алғыс хаттар табыс етті.

Ал Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін табыс етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға