Жаңалықтар

Алматы ҚХА жаңа мектеп оқу жылы қарсаңында аз қамтылған жүзден астам отбасына қолдау көрсетті

Алматы ҚХА жаңа мектеп оқу жылы қарсаңында аз қамтылған жүзден астам отбасына қолдау көрсетті
26.08.2019 15:05 2144

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені»  атты қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесінің «Жылу» айлығы аясында балаларға арналған мерекелік «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына материалдық және өзге де көмек көрсету. 

Алматы ҚХА жаңа мектеп оқу жылы қарсаңында аз қамтылған жүзден астам отбасына қолдау көрсетті

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев барша қатысушыларды алда келе жатқан Конституция күнімен және 1 қыркүйек білім мерекесімен құттықтай отырып, «Ассамблеяның жыл бойы жалғасатын «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесі» туралы түсінік бере кетті.

Сондай-ақ: «Ассамблея 2019 жылғы бірінші жарты жылдықта жалпы 6256 акция өткізді. 4 млн. 250 мыңнан астам адамға және 21 мыңға жуық отбасына тиісті көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің жалпы құны шамамен 20 млн. аса теңгені құрайды. Соның ішінде бір ғана «Тоқымқағар» акциясы аясында Балалар күніне орай 180 қайырымдылық шара ұйымдастырып, 80 мыңнан астам адамды қамтыды. Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккендерге «Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясында барлық этно-мәдени бірлестіктер бір кісідей атсалысып, 107 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті.  Арыс балаларына киім-кешек, ойыншық, мектеп жабдықтарын жеткізіп берді. Бұл жұмыстарға 600-ден астам этномәдени бірлестік, 3014 Қоғамдық келісім кеңесі, 1754 Аналар кеңесі және 26 жастар этномәдени ұйымы жұмылдырылды», - деп атап өтті ҚХА Төрағасының орынбасары.

Алматы ҚХА жаңа мектеп оқу жылы қарсаңында аз қамтылған жүзден астам отбасына қолдау көрсетті

«Ахыска» түрік этномәдени орталығының бастамасымен өткен қайырымдылық акция барысында 100 балаға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін табысталып. кішкентай қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Іс-шара «Ахыска» түрік этномәдени орталығы шығармашылық ұжымдарының көңілді концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Игі шараның ұйымдастырушыларына балалардың атынан «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының тәрбиеленушісі Ертай Ақниет алғыс айтса, ата-аналар атынан «Ариана» ауған этномәдени орталығының мүшесі Салим Самило зор ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға