Жаңалықтар

Ақтөбелік жас актерлер неміс тіліндегі жаңа спектакльдің тұсауын кесті

Ақтөбелік жас актерлер неміс тіліндегі жаңа спектакльдің тұсауын кесті
22.01.2019 04:33 1619

Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы мен «Denk mal» театр студиясы таза неміс тілінде «Die Flügel der Liebe» (Махаббат қанатында) атты музыкалық қойылымын көрермендер назарына ұсынды.

Ағайынды Гриммдердің «Ұйқыдағы ару» атты әйгілі ертегісі және «Малифисента» көркем фильмінің идеяларын біріктіру арқылы театр студиясының қатысушылары жаңа шығарманы дүниеге әкелген. 
Қойылымның музыкалық сүйемелдеуі - неміс топтары және орындаушыларының заманауи музыкасы. Мәтіні неміс классикалық әдебиетінің еңбектерінен құралған.
Қойылымды тамашалауға және балаларға қолдау көрсетуге Бадамша ауылынан шақырылған қонақтар келді, кейін олар аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мұражайына экскурсия жасап, әр ұлттың тарихын шолып өтті. Сонымен қатар қолдау көрсетуге «Алые паруса» театр студиясының өнерпаздары, қоғам белсенділері келді. 

Театр студиясының директоры Инна Волошина іс-шараны өткізуге жәрдемдесуге үлес қосқан Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясына  алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға