Жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ» ФОТОБАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ» ФОТОБАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
30.11.2018 09:35 1894

 

Ақтөбе қаласында 1 желтоқсан – ҚР Тұнғыш Президент күніне арналған «Мен және менің Президентім» атты фотографтар арасындағы облыстық фотобайқауының және Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының қызметін қорытындылау бойынша салтанатты іс-шара өтті.

Байқауға шалғай аудандар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері де қатысты.

Президент туралы конкурсқа қатысушылардың шығармалары арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылып, облыстық этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылды.

Конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары, оның ішінде ең кішкентай қатысушылар Камилла Қабылбай мен Нұралы Аманбаев белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

2018 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері Астананың 20 жылдық мерекелік медальдарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға