Ақмола облыстық орыс қауымының төрағасы тілек білдірушілерді «Дәстүрлі шомылу рәсіміне» қатысуға шақырды

18.01.2019 709

«Ақмола облысының орыс қауымы» жанындағы «Орбита» театралды студиясы балаларға арнап жаңа жылдық қойылым тұсаукесерін өткізді.

Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен «Жаңажылдық қарбалас» атты театрландырылған көріністі балалар мен олардың ата-аналары тамашалап, жақсы әсер мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Жаңа жылдық мерекенің дәстүріне сәйкес бұл кешке де мейірімді Аяз ата мен Ақшақар қатысты. Көрермендер залында отырған балалар сахнаға қызықты байқауларға қатысу үшін және Аяз атадан сыйлық алуға қуана шықты.

«Орбита» театралды студиясының жетекшісі Лилия Ягяева өз сөзінде, тұсаукесері өткен жаңа жылдық қойылым тек қана 2018 жылдың қорытынды іс-шарасы емес, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балалар, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері үшін қаңтардың қытымыр күндерінде жаңажылдық ғажайып көңіл-күй әсерін ұзақ уақытқа дейін сақтаудың жақсы мүмкіндігі екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко жиналған жұртты келіп жеткен 2019 жаңа жылмен, Рождество мерекесімен құттықтап, көкшетаулықтарды Қопа көлінде өтетін «Дәстүрлі шомылу рәсіміне» қатысуға шақырды.

Александр Александровичтің айтуынша, көлдің қалалық бөлігіндегі жағалау аймағында Көкшетау және Ақмолалық Серапион діни қызметкерінің мерекеге және салтанатты тазалануға арналған салқын суға түсу шұңқыры жасалады, ал М. Архангелдің ғибадатханасында салтанатты қызмет рәсімі өтеді.

Ұқсас материалдар