Жаңалықтар

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті
03.10.2019 11:28 3516

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен татар және башқұрт бірлестігі астықты жинауға, жазғы жұмыстың қорытындысын шығаруға арналған «Чәк-чәк бәйраме» іс-шарасын бесінші мәрте өткізді.

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті

Достық үйінің залында Сәндік қолданба өнері шеберлерінің одағы өз бұйымдарының көрмесін ұсынды. Мұнда Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Дуслык» ансамблінің орындаушысы Рамиля Мусинаның қолынан шыққан киізден жасалған бұйымдар, ұлттық мәнердегі бас киімдер ұсынылды.

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті

Мерекелік іс-шараны Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев ашты. Ол баршаны мейраммен құттықтап, чак-чак әлдеқашан татар халқының брендіне, игілік нышанына айналғанын атап өтті.

Мерекелік концертке Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің «Ғалиябану» мен Нұр-сұлтан қаласының «Дуслық» халықтық ансамблдері, би және вокал ұжымдары қатысты.

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті

Салтанаттың шарықтау шегі татар ас үйінің тағамын үздік әзірлеуде шеберлігі сыналған аспаздық байқауының қатысушыларын марапаттау болды.

Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының жүлдесі – астау Хуррия Фатхиеваға бұйырды.

Көкшетау қаласы әкімінің сыйлығын Галия Рахметулина жеңіп алды. Бірінші орынды Мунира Салимова місе тұтты.

Ақмола өңірінің татарлары дәстүрлі «Чәк-чәк бәйрамын» атап өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға