Жаңалықтар

2020 жылы қазақстандықтар Конституция мен ҚХА-ның 25 жылдығын атап өтеді

2020 жылы қазақстандықтар Конституция мен ҚХА-ның 25 жылдығын атап өтеді
31.12.2019 09:37 2551

Құрметті отандастар!

Келе жатқан Жаңа жылға орай шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл – баршаға қуаныш, жан жылуы мен болашаққа деген ізгі үміт сыйлайтын ең жарқын және асыға күтетін отбасылық мерекелердің бірі.

Өткен жыл маңызды және тағдыршешті қоғамдық-саяси оқиғалар жылы болды.

Халықтың даналығы арқасында Қазақстан даму мен жасампаздық жолын жалғастырды. Біз күш-қуатымыздың бірлікте екенін және оның пікірлер алуандығына, тәсілдердің әртүрлілігіне, жаңа идеялардың байлығына сүйенетінін іс жүзінде дәлелдедік.

Жаңа 2020 жылда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 25 жылдығын атап өту міндеті тұр.

Бұл – азаматтық жауапкершілік сезімі мен ерікті қызмет ету арқылы біздің өмірімізді жақсарта түсуге ұмтылдыратын Волонтерлер жылы.

Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ұлы даланың рухани мәдениетінің, ғылымы мен тарихының жаңа қырларын ашады.

Келер жылы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін біз бірлесіп күш-жігер жұмсайтын боламыз.

Біз бұған халықтың бірлігі мен топтасуын сақтай отырып, табыспен қол жеткізе аламыз.

Құрметті жерлестер!

Жаңа жылда сіздердің өмірлеріңізде қызықты оқиғалар мен бақытты сәттер мол болсын!

Отбасыларыңызда татулық пен өзара түсіністік орнап, көңіл көгіндегі армандар мен ізгі үміттер орындалсын!

Қолға алған істеріңіз сәтті болып, бастамаларыңыз табыс пен қуаныш әкелсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға