Жаңалықтар

13 ТҮРЛІ ЖӘНЕ БІРЕГЕЙ ТАҒДЫР: ЕЛБАСЫНЫҢ АЛДЫНДА ҚХА XXVII СЕССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА 13 АДАМ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

13 ТҮРЛІ ЖӘНЕ БІРЕГЕЙ ТАҒДЫР: ЕЛБАСЫНЫҢ АЛДЫНДА ҚХА XXVII СЕССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА 13 АДАМ СӨЗ СӨЙЛЕДІ
29.04.2019 00:00 2246

Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» күн тәртібімен, Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында он үш адам сөз сөйледі – оқушы, студент, магистрант, докторант, академик, жазушы, журналист, көпбалалы ана

Атап айтқанда, бұлар – жазушы, сценарийші Елубай Смағұл

Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Милина Вавулиди

«Емир-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Маңғыстаудағы мұнай компаниясы) кен орны басқармасының бастығы Жамалайл Элимханов

Қарағанды қаласының көпбалалы анасы Лариса Кравцова

Германиядағы (бұрынғы ТМД елдерінен) ресейлік немістердің жерлес жастар ұйымы федералдық басқармасының төрағасы Вальтер Гаус

Саясаттанушы, журналист Кюршат Зорлу (Түркия)

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Докторанты Юнь Минь (Оңтүстік Корея)

Модельер-конструктор, ZIBROO (Алматы қ.) спорттық киім брендінің бас директоры Елена Свечникова

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Биотехнология ғылыми-зерттеу платформасының жетекшісі, ғалым-биотехнолог, PhD докторы, (Нұр-Сұлтан қ.) Владимир Киян

PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), (Нұр-Сұлтан қ.) Дурвудхан Сураган

Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 11-ші сынып оқушысы Евгений Демиденко

 Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі Алла Чечеткина.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр. Бұл үлкен оқиғаны бір жүз елу журналист жариялап отыр. Күтілетін оқиғаға Қазақстанның барлық өңірлерінен бір мың үш жүз делегат жиналды. Сондай-ақ қатысушылар қатарында Ресей, Түркия, Қырғызстан, Германия елдерінен келген қонақтар бар. Жалпы алғанда, сессия жұмысына бір мың бес жүз адам қатысады.

Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері бар.

Сессияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Сессия жұмысына сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Отырыс соңында салтанатты концерт өтеді. Сессия қонақтары үшін КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі Әлібек Дінішев, жас қазақстандық орындаушылар – украиндық «Голос. Балалар. 2018», The world ' s Best американдық Бүкіләлемдік таланттардың телешоу финалисі  Данэлия Тулешова мен «Голос. Балалар. 2019» Ержан Максим.  Ержан Магомаев пен Козловский «Синяя вечность» композициясын орындады.

Концертті «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің, «Рухсара» би ансамблінің, Қ. Қожамияров атындағы республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының, мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының, «Наз» мемлекеттік би театрының, «Мәңгілік» би театрының және Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблінің орындауында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициясы ашты.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға