Жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтар алғаш рет «Географиялық диктантқа» қатысты

  Солтүстікқазақстандықтар алғаш рет «Географиялық диктантқа» қатысты
29.10.2019 10:37 1664

Петропавл қаласының Достық үйінің негізінде «Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі «Географиялық диктант-2019» іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл ауқымды халықаралық акция, төрт жыл ішінде оған 26 елде 600 000-нан астам адам қатысыпты.

Іс-шара Ресей Федерациясы Президентінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды және географиялық білімді танымал ету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Орыс географиялық қоғамымен бесінші рет өткізілді. Акцияның орталық алаңы - М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

  Солтүстікқазақстандықтар алғаш рет «Географиялық диктантқа» қатысты

Биыл акция бес құрлықта 5700-ден астам алаңда өтті. Қатысушылар диктантты Ресейде, Канадада, АҚШ-та, Бразилияда, Австралияда, Германияда, Чехияда, Қытайда, Камбоджада, Грецияда, Норвегияда, Пәкістанда, ОАР-да, Жаңа Зеландияда жазды. Қазақстанда диктант 14 алаңда өткізілді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, «Географиялық диктант-2019» - бұл өзінің географиялық танымдарын қызықты, тегін, жасырын тексеру мен кеңейтудің оңтайлы сәті. Диктантқа жасына, біліміне, ұлттық және әлеуметтік қатыстылығына, кәсібіне, конфессиясы мен азаматтығына қарамастан кез келген адам қатыса алды.

«Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы» негізінде географиялық диктантқа арналған алаң орыс тілін меңгерген тұрғындар мен облыс қонақтары үшін, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар үшін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Диктантты жазар алдында қатысушыларды Жер планетасынын тыс жерде жүрген нағыз ғарышкер-батырлар құттықтады.

  Солтүстікқазақстандықтар алғаш рет «Географиялық диктантқа» қатысты

«Іс-шара өте қызықты, тест түрінде өтті. Оған география, әдебиет, тарих, мәдениет салалары бойынша сұрақтар енгізілді. Мен көп жаңа нәрсе білдім. Келесі жылы да міндетті түрде қатысып, достарымды шақырамын», - деп мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Тең жол» автомектеп құру жобасының авторы Сәбитов Сәлімхан өз әсерімен бөлісті.

Тестілеу 2 бөлімнен тұрды. Біріншісі 10 жеңіл сұрақтан тұрса, екінші бөлімге 30 күрделі сұрақтар енгізілді. Достық үйінде тестілеуге жауап беру үшін 40-тан астам адам жиналды. Ең жас қатысушы 6 сынып оқушысы, ал ең үлкені 69 жасқа толған «СҚО орыс қауымының» мүшесі Наталья Римская-Корсакова.

1 қарашада диктант қатысушылары жеке кодтары арқылы тестілеу нәтижелерін сайттан біле алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға