Жаңалықтар

«Ұрпағыма қалдырарым – Ұлы жыр» атты поэзия кеші

«Ұрпағыма қалдырарым – Ұлы жыр» атты поэзия кеші
10.04.2018 12:25 3181

Бүгін Достық үйінде Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен, бүкіл әлемдік поэзия күніне орай «Әлем таныған Абай» атты Абай оқуларының және қазақ халқының ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына орай өткізілетін айлықтың ашылу салтанатына арналған «Ұрпағыма қалдырарым – Ұлы жыр» атты поэзия кеші өтті. 

Тағылымы мен танымдық мәні зор шараны өткізудегі мақсат - халқымыздың мәдени мұрасына айналған Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы мен поэзиясына бағытталан іс-шараны «Рухани жаңғыру» шеңберінде ұйымдастырып, өткізу. Олардың туындыларымен жұртшылықты, оның ішінде өскелең өрендерді жан-жақты кеңірек танысу, насихаттау және жеке тұлғалық болмыстарымен таныстыру. Тарих пен әдебиетті және өнерді ұштасыра отырып жастар бойындағы патриоттық сезімді ояту.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, өнер жұлдыздары және жастар қатысты.

Мерекелік кешті құттықтау сөзбен ашқан Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Құсайын, 2018  жылдың  наурыз  айында  Қазақстан  халқы Ассамблеясының  «Жаңғыру жолы» атты  республикалық жастар қозғалысы құрылғанына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының туын аталған қозғалыстың Қарағанды облыстық штабының  басшысы А.Урмашовқа салтанатты түрде табыс етті.

Іс шара барысында ф.ғ.д., профессор Ж. Жарылғапов өз сөзінде:

- Екінің бірі білімді, бірақ білімді қайда жұмсау керек?  Адамның адамгершілік негіздерін нығайту үшін жұмсау керек қой. Өзі ғалым, өзі залым адамдар қаншама. Осы айлық кезінде Абайдың, Шәкәрімнің шығармашылығына байланысты кездесулер өтеді. Университеттер мен колледждерге осы тұлғалардың шығармашылығы және ақындардың мүшайрасы туралы дөңгелек үстелдер өтпекші. Осындай біршама шаралардың басын біріктірген мына айлықтың берері көп деп есептеймін. Айлықтың соңында Абай ескерткішінің жанында жиналып, негізгі қорытынды шығарылады, - деп атап өтті.

Сонымен қатар, мерекеде жастар бірнеше тілде Абай шығармаларын, әндерін орындап, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға