Жаңалықтар

Әлем балалары Қазақстанмен етене жақын танысуда

  Әлем балалары Қазақстанмен етене жақын танысуда
26.11.2019 17:36 2257

ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан әлем балаларының көзімен» І Халықаралық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

  Әлем балалары Қазақстанмен етене жақын танысуда

Байқауға 7-16 жас аралығындағы Әзербайжанның, Беларусьтің, Жапонияның, Италияның, Қазақстанның, Ресейдің, Түркияның және басқа да елдердің балғын суретшілері қатысты.

Байқауға қатысу үшін балаларға «Қазақстан халқының ертегілері мен аңыздары», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан көріністері», «Қазақстанның киелі жерлері», «Халық мейрамдары» және «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» сияқты тақырыптар бойынша сурет жолдау ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша жас суретшілердің 70 суретінен тұратын сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

  Әлем балалары Қазақстанмен етене жақын танысуда

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан әлем балаларының көзімен» байқауының елімізді танымал ету ісінде жасалған тағы бір қадам екендігін атап өтті. Байқауға балалардың түрлі елдерден қатысуы жас таланттардың Қазақстанға деген зор қызығушылығының белгісі. Ол байқауды жыл сайын өткізу дәстүрге айналатынын және оған қатысушылардың аясы кеңейе түсетініне үміттенетінін жеткізді.

  Әлем балалары Қазақстанмен етене жақын танысуда

 mfa.gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға