Еліміздегі баспа ісіндегі авторлық құқық туралы не білеміз?

09.09.2017 2808

Баспі ісі және құқық

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан, 1995 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енген, авторлық құқық және шектес құқық туралы Қаулы шығарды.  Жаңа заңнамалар баспагерлік ісіндегі жаңа технологиялық жетістіктерді қарастырады.  Сонымен бірге, біріккен әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға ауысу кезінде, авторлық және шектес құқыққа арнайы жазаларды қолдану туралы, 1993 жылы Ресей Федерациясының авторлық және сабақтас құқық  негізін ала отырып, көптеген  толықтырулар мен өзгертулерді ендіреді. Әрбір Қазақстандық баспагерлер  өздерінің шығарған кітаптарын шет елдік баспагерлердің ескергенін қалайтыны сөзсіз. Маңыздысы мынаны есте сақтау керек: қазақстандық баспагер автор тарапынан белгілі бір келісім шарттық құқықтарға ие екендігі, оған өз атынан финанстық пайда түсу бойынша келісім шарт жасау құқығына иелігі рұқсат етілгендігін.  Ол еліміздегі заңнамада 5-бапта белгіленген. 

Есте сақтайтын, бірінші және ең басты жағдай мынада,  қазақстандық баспагер шығармаларының кез келгендері  шет елдік баспагерлердің қызығушылығын тудыра қоймайтыны анық. Осы жайлы басқа да шет елдіктер тарапына да айтуға болады.  Кітап өз туған елінен шет ел асу үшін, ол кітап жалпы адамдық көзқарастардың қызығушылығын тудыратындай, қызықтырарлықтай болуы тиіс немесе автор тарапынан ерекше талант немесе танымалдылық болуы тиіс. Негізінен талантты деген автордың да авторлық құқығын  сатудың өзі бір қиын болары сөзсіз,  мысалы романист, бұл жазушы өз елінің ішінде бедел мен ықыласқа ие болмаса шет елдіктердің оған назар аударуы екіталай. Бұл өз шығармашылығына авторлық құқықты сатуды қалайтын қазақстандық баспашылар үшін  біріншілікті мақсат болып, шығармаларының басылуына объективті және шынайы түрде көзқарас танытып, баспаның шығуына жоспарланған мақсаты, оның құндылығы болуы тиіс. Потенциалдың өзі  нарық арасындағы айырмашылықта болуы мүмкін. Сонымен қатар, айта кетерлігі басылымдардың басқа көрші елдерде, батыстан Қазақстанға қарағанда Орталық және батыс Еуропа немесе басқа елдерде – Кеңес Одағының басқа мемлекеттерінде жасалынуы мүмкін. Мұнда бір жайтты мойындау қажет, кез келген аймақта соңғы 5 жылда адамдардың шығармаға деген жалпы қызығушылығы артқанда ғана шығармашының беделі артады және ел аузында мәңгі қалатындығын. Бір қараған көзқарасқа  қызық көрінуі мүмкін: логикалық тұрғыдан санасақ, Қазақстандық автормен жазылған, Қазақстандық жол бағыттаушы,  негізінен басқа аналогтық шығарылымдарға қарағанда беделдірек болуы қажет. Бірақ бір таң қалдырарлығы батыстық туристер өзінің отандастарымен жазылған жолбағыттаушыны, яғни сол аймақта болып өз көздерімен болған және оған батыстың көзқарасымен қарайтын адамдардың жолкөрсетушіні алғанды жөн санайды екен. Аналогтық тұрғыдан, көптеген батыстық баспашылар индустриясы  түрлі шет елдердің ұлттық тағамдары туралы кітап мол кездеседі, олар көбіне шет елдік авторлармен жазылған, ол мемлекеттерден шықпай тұрып, ол немесе басқа кітаптың кімнің ұлттық асханасына арналғандығы туралы.

Мұндай ортада, хареографиялық шығарма немесе поэзия болсын, өз еліне жақсы танымал, көптеген авторлар,  басқа шет елдерге онша танымал болмауы мүмкін. Шет елдік шығарманы аударуға арнайыланған, сол шет елдік баспагерлерді,  және басқа шет елге шыққандағы қызықтыратын авторлар табу болып табылады. Өкініштісі, көптеген елдерді қоспағанда Ұлыбритания баспашылары, сәйкесінше, өз аударылым материалдарын Еуропа тіпті АҚШ баспашыларына қарағанда өте аз көлемде шығарады екен. Бұның барлығы, тек батыс баспагерлерінің аударылымдарына арқа сүйегісі келмейтін, ерекше жас жазушылар үшін естен танарлықтай естілуі мүмкін. Бірақ сонымен қатар маңыздысы мына фактыны шынайы  және анық мойындау қажет, авторлық құқықты сату және оны заңсыз түрде қолдану, баспадан көшіріп өз атына аудару және тағы басқа да шаралар көп уақыт және ерекше күш жігер ынтаны қажет етеді.  Есте сақтарлық бір жайт, ол баспа шығару капиталистік елдерде әрқашан жеке меншік бизнес болып қалады және солай бола бермек. Үлкен баспа орталықтарының аттары үлкен нарықта аталынады, ал олардың акциясына қол жеткізуге мүмкіндік бар. Олардың басты мақсаттары баспа шығару арқылы табысқа жету. Қазір университет баспагерлері де мәжбүрлі түрде өздерінің ғылыми жобасына қаржыландыруды  талап етеді. Әрбір баспа орталығы өздерінің басылымдарын белгілі бір себептермен шектейді: баспагердің жеке талғамына, онша маңызды болмаған кезде де, тематикасымен, баспаға осы жылдардағы жеткен жеңістерімен т.с.с. бөлісіп отырады. Әрине, уақыт өте келе баспашылар қысқаруы немесе кең таралуы ауыспалы нарықтық контрактураға байланысты болуы мүмкін, бірақ, сәйкесінше Батыста баспашылар өздерінің кітап беттерін, атауларын сирек өзгертіп отырады. Мысалы, баспаның академиялық кітаптардан көп сұранысқа ие көркемдік литературадан ауысуы мүмкін емес. Бұл диверфикация  стратегиясына сай Орталық және Батыс Еуропа  бұрынғы мемлекеттік баспашылары өз іс әрекеттерінен қатігез  бақталастықтан шығуды ойлайды. Қазақстандық автордың есімі басылым аударылымында  тиісінше жеке бөлініп көрсетілуі тиіс (шрифтпен және дизайны), біріншілікті басылынатын авторлық құқыққа көрсетілген, мәтіннің жолы,  қазақстандық баспагердің  лицензиялауында жазбаша нұсқамен бірге көрсетілуі тиіс. Мұнда  шығарманың нақты  жарамдық мерзімі келісімдері болуы тиіс. Егер лицензиат кітапты жұмсақ қаптамада шығаруды жоспарласа, сонымен  қатар қатты түпнемеде, онда бірінші нұсқа  қатты түптеменің тиражынан кейін бір жылдан соң шығарылуы тиіс. Кез-келген батыстық баспагер, қандай да бір көркемдік және көркемдік емес баспаға авторлық алушы, мүмкін мейлінше көп авторлық құқық талап етер,  қосымша көздерден табыс табатындықтан,  кейін оны қазақстандық баспагермен бөлісуіне тура келеді.Төленетін үлес ауытқымалығы 50%дан (мұндай құқық дәрежелеріне, дәйексөз және анатология баспасына) 80 немесе 90%  бірінші сериялық баспаның (газеттегі немесе журналдағы шағармалардан алынған үзінділер басылымы), сонымен қатар, қандай да бір үшінші тараптан лицензиялау, репринтке құқылы. Есептесулер батыстық үлгіде жасалынады, яғни роялти фактіленген сатылымдарға негізделгенде. Жалпықабылдауда, академиялық литератураның баспагерлері жылына бір рет есептесіп отырады (жиі 3 желтоқсанға дейін қорытынды шығарып),  танымал литератураның басылымы жылыны 2 рет жасалады (есеп беру күні 30маусым және 31 желтоқсан). Бірақ есеп беру және төлемнің мерзімі бір компаниядан екіншіге  ажыратылып отырады, жоғарыда атап өтілген мысалда төлемдер есеп беруден кейінгі үш айда аударылуы тиіс. Бұл моделде қазақстандық баспагерге берілетін ақпарат түсіндіріле түседі; көптеген қазақстандық баспагерлер компьютерлік есеп беруді жөн санайды және керекті мәліметті ұсына алады. Кез келген кірістер, әрбір есеп меру мерзімінде қосымша деп танылған құқықтар, лицензиаттың  өзіндік баспаның роялтиі сияқты, тура сол уақытында төленіп отыруы тиіс.

Қазақстандағы «Авторлық құқық туралы» заң халықаралық заңдар деңгейінде жасалған. Дамыған елдерде экономикалық және мәдени қарымқатынастардың барлығы осы авторлық құқық туралы заңның деңгейінде қарастырылады. Шығарма өзгеріп тұруы мүмкін, бірақ сол шығарма ақыны өзгермейді. Ақын, жазушы, драматург, композитор құқықтары елімізде қабылданған 1996 жылы 10 маусымда "Авторлық құқық және сабақтас құқық" туралы Заңымызға арқау сүйеп шығармашылық тұлғалардың авторлық құқығын қорғалуына тереңнен зерттеп, заңдағы қайшы тұстарымызды жою бұл келешек ұрпаққа жарқын  жол ашумен іспеттес. Бірінші тарау - Шығармашылықтың құқықтық негіздері деп аталады. Бірінші тараудың бірінші тақырыбында Авторлық құқықтың мәні, пайда болуы туралы айтылады. Авторлық құқықтың екі жарым ғасырлық тарихы бар.  Ең алғаш авторлық қаламақы жөніндегі әңгіме Францияда пайда болған. Алғашқы рет осы ойды көпшілік талқысына салған да, оның қажеттілігін дәлелдеп шыққан да өзімізге аты мәлім Бомарше. Автордың мүліктік және мүліктік емес құқығын мойындағысы келмеген театр басшыларына қарсы  күрес ашып, 1777 жылы драмалық заңдылықтар жөнінде Бюро құрған.  1834 жылы Оноре де Бальзак қолданыстағы заңнамада жазушылардың құқығы ескерілмегендіктен, олардың құқығы қорғалмай келе жатқаны жөнінде француз қаламгерлеріне ашық хат жариялады. Осы ұсыныстың әсерімен құрылған жазушылар қоғамы Францияда әлі күнге дейін өмір сүруде. 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың бастапқы кезеңінде осындай авторлық қоғамдар европаның көптеген елдерінде құрыла бастады. 1926 жылдың маусым айында 18 қоғамның делегаттары бірігіп құрған Халықаралық авторлар қоғамының конференциясы (СИЗАК) болатын.  Тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының авторлық құқық саласына мән беріп агенттік ашуға тапсырма беруінің астарында өте үлкен мән бар. Әрбір елдің беделінің тұрақтылығын, мәдениетінің денгейін көрсететін басты қажеттіліктің бірі сол елдегі авторлық құқықтың  қорғалу денгейі. Алайда авторлық құқықтың жиі бұзылуы, елдегі заңды белден басу жойылмай тұрғанын аңғаруға болады. Заңымызды құрметтей алмаймыз.

Қорыта келгенде, мемлекет «авторлық құқықтың қорғалуы туралы» заң шығарып берді, уақыт өте келе заңдар біртіндеп жетілдіріліп келеді. одан артық не керек? Былтырғы жылдан бастап біздің Кітап палатасы мекемесі баспалардың басшыларымен кеңесе отырып, «баспа туралы» заңның жобасын әзірлеп, министрлікке ұсынбақ. Биыл осы заң жобасы жоғарыда қарастырылып жатыр. Тек біздің қоғамда құқықтық сана төмен, біліміміз жұтаң. Ешқандай елде заң бірден мінсіз болып қабылданбайды. «Көш жүре түзеледі» демекші, тіпті дамыған мемлекеттердегі заңдардың өзі ұзақ жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Сол сияқты Қазақстан республикасының заңдары да қоғамымыз алға жылжыған сайын ретке келеді.

Бұған асығыстық етудің қажеті жоқ. ал нақты авторлық құқық туралы айтар болсақ, бізге, ең бастысы, авторлық құқық бұзылған жағдайда нақты сараптама жасайтын мекеме керек.  Заң шикі, бірақ біз сол шикі заңның өзін дұрыс жүзеге асыра алмаймыз. біреудің ақысын жейтіндер үшін біздің заңды білмегеніміз, сауатсыз болғанымыз, өз құқығымызды қорғай алмағанымыз тиімді. Сондықтан заңның кейбір баптарымен шектелмей, оның аясын кеңейтіп, жетілдіріп, сондай-ақ өз құқықтық білімімізді де арттыру керек.

Ұқсас материалдар