Жаңалықтар

Елбасы жолдауы кеңінен талқыланды

"Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі"  кездесу
Елбасы жолдауы кеңінен талқыланды
11.01.2018 16:19 3632

Мектебімізге "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Шамшидинова Күляш Ноғатайқызы арнайы келіп, Елбасының Жолдауын ұстаздар қауымымен талқылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді көрсеткен болатын. Іс-шара барысында Күляш Ноғатайқызы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып, барлық жүктелген міндеттер бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс істеп жатқандығын атап айтты.

Сондай-ақ, кездесу барысында Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Сағидолла Қазбек, Зәуреш Зайнуллақызы, Азамат Арысланұлы, Мұратбекқызы Ақмарал сөз сөйлеп, Жолдауға қатысты ойларымен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға