«Озат» стипендиясы кімдерге бұйырады?

03.03.2017 4097

Арнайы шәкіртақы

Қазақстандық жоғары оқу орындарында техникалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген озат студенттерге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қоры қолдау көрсетпек. Оқу жылының екінші семестрінде "Озат" бағдарламасының стипендиаттары белгілі болады.

Корпоративтік Қор алдымен сұрыптау жүргізіп, оқу озаттарын анықтайды. Бағдарлама бойынша екінші оқу семестріне 130 стипендия қарастырылуда. Стипендияға Қазақстан Республикасы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының бакалавриат күндізгі бөлімінің бітіруші курс студенттері өтінім берген.

3 наурыз сағат 17.00-де «Озат» бағдарламасының стипендиялық жеңімпаздарына сертификат тапсыру рәсімі өтеді. Ресми шараға  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қорының өкілдері, ОО «Taiburyl» жобасының Әкімшісі, басқарма төрағысы - Худайбергенов Олжас пен стипендия иегерлері Астана қаласының студенттері қатысады.

Дәл осы бағдарлама бойынша бұрындары стипендия жеңіп алған шәкірттер  мемлекеттік холдинг құрылымдарында қалай тағылымдамадан өткені жөнінде ой бөлісіп, әсерлерін айтады.

Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі болып табылады. «Озат» стипендиялық бағдарламасы 2016 жылы 20 қыркүйек басталды, қатысуға өтінімдер бағдарламаның ресми сайты www.taiburyl.kz арқылы қабылданды. Конкурс туралы ереже және басқа да ақпарат www.sk-trust.kz және www.taiburyl.kz. сайттарында жарияланады.

«Озат» Стипендиялық бағдарламасы «Менің елім» - «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік инвестиция бағдарламаларының желілік жобасының бірі болып табылады.