Жаңалықтар

Өзі қуаңшылық уақытта... БҚО-да 600 тонна шөп өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні Сырым ауданы аумағында болған.
Өзі қуаңшылық уақытта... БҚО-да 600 тонна шөп өртеніп кетті
Фото: дереккөз 23.09.2022 23:44 1899

Батыс Қазақстан облысында 600 тонна шөп жанып кеткен, деп хабарлайды EL.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні Сырым ауданы аумағында болған.

Сағат 15.51-де Жетікөл ауылынан 5 шақырым жерде «Қарақұдық« қыстағында «Жарас« шаруа қожалығына тиесілі аумақта үш үйілген пішен (600 тоннадай) отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 1 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 24 адам (3 техника) жұмылдырылды. «Тілсіз жау« бүгін сағат 07.48-де оқшауланып, 08.44-те ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға