Жаңалықтар

Жастармен етене жұмыс істейміз – «Жастар Рухының» төрағасы

«Жас Отан» жастар қанаты атауын « Жастар Рухы» деп өзгертті
Жастармен етене жұмыс істейміз – «Жастар Рухының» төрағасы
Фото: Миражан Махан 20.07.2022 15:18 3769

«Жастар Рухы» жастар қанаты алдағы уақытта NEET санатындағы жастардың санын азайту үшін бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы «Amanat» партиясының баспасөз орталығында Нұржан Жетпісбаев айтты, – деп хабарлайды El.kz.

Жиында «Жас Отан» жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» деп өзгертілген себебін атап өтті.

– Наурыз айында партияның жұмысы трансформацияланғаннан бастап, жастар қанатынын да атауын өзгерту күн тәртібінде тұрды. 240-тан астам ұсыныстың ішінен «Жастар Рухы» атауы таңдалып алынды. Осылайша, жастар қанатын тарнсформациялаудың негізігі басымдықтары – патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың білім жолындағы әлеуетін арттыру. Елімізді әрі қарай өркендету жолында рухымыз бен жігеріміз мойымас үшін «Жастар Рухы» деп атауды жөн деп шештік. «Жастар Рухы» 100 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді. Сонымен қатар Қазақстанды жаңғырту үшін біз ел жастарының зияткерлік, еңбек, шығармашылық және спорттық әлеуетін жұмылдыру бар күш-жігерімізді саламыз, – деді «Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Сондай-ақ, Нұржан Жетпісбаев жастар қанатын кең ауқымды қайта жаңғыртуға бағытталатын бірқатар тарнсформациялық бағдарламалардың жоспарымен таныстырды. Олар:

-  NEET жастарымен жұмысты жүйелендіру;

-  Ауыл жастарымен жұмыс;

-  Жастарды заңнамалық актілерді әзірлеу және оларға өзгеріс енгізу жөніндегі жұмыс топтарына тұрақты негізде тарту;

-  Отбасылық құндылықтарды насихаттау;

-  ЖОО-дағы, кәсіпорындардағы және өзге де ұйымдардың қызметін жандандыру;

– NEET жастарымен жұмысты жүйелендіру үшін арнайы сала ғылымдарымен жасақталған алғашқы мобильді топтарды жасақтап «Жастарға» деген жаңа жобаны іске асырамыз. Негізігі бағыттары жастарымыздың көп шоғырланған жерлердегі тасадан тыс қалып жатқан мәселелерін қамтуды жоспарлап отырмыз. Жастардың жұмыс іздеп жүрген алаңдарында жастарға керекті кеңес беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау ұсыну арқылы және «Amanat» партиясының потенциалын, адами капиталын пайдалана отырып NEET жастарымен қоян қолтық жұмыс істейміз, – деді Нұржан Жетпісбаев.

Сонымен қатар, ауыл жастарымен жұмысты қолға алу үшін «Өрлеу» жобасының бастау алғанын атап өтті.

– Қазіргі кезде «Amanat» партиясының тарапынан жоғарғы потенциалды қолдану мақсатында менторлық жобаны іске қосу керек деп шештік. Елімізде еріктілер қозғалысының танымалдығы күн сайын артып келеді. Сондықтан құрылып жатқан Волонтерлер академиясы әртүрлі бағыттағы еріктілерді бірыңғай алаңда жинауға мүмкіндік берді. Ал, ауылдық жерлерде жастардың қарым-қабілетін кешенді түрде ашу мақсатында «Өрлеу» жобасы бастау алды. Қазірдің өзінде 1 мың білікті ментордан тұратын пул жасақталды, – деді Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев жас ұрпақтың рухын айқындауға тиіс моральдық-этикалық нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл әділет, білім, адал еңбек, еркіндік және патриотизм.

– Осы құндылықтар жастардың бойына берік сіңуі қажет. Жастар Рухы – мұқалмас, қайсар рух. Осы ізгі қасиеттерді бойда ұстаған жастар тарих көшін бастап, елімізді ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолына шығарады. Сондықтан осы дүниелер «Amanat» партиясы жастар қанатының философиясы мен іс-әрекетін айқындайды. Біз осы принциптерді басшылыққа ала отырып трансформация бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Жастар қанатына «Жастар Рухы» деген атауды бердік. Ол біздің ішкі өзгерістерге ерекше ден қойғанымыздың көрсеткіші болмақ. Елмен бірге бізде өзгерудеміз. Біз Қазақстандағы барлық жастарды «Жастар Рухы» құндылықтары төңірегінде бірігуге шақырамыз, – деді депутат.

Сондай-ақ, Нұржан Жетпісбаев жастардың патриоттық сезімін күшейту үшін, жастарды әскерге баулу мақсатындағы бірқатар жаңа жобаларды атап өтті.

– Жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін әскери бөлімшелердің гарнизондарында тұрақты негізде «Сарбаз болғым келеді» Ашық есік күндері және «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастыру қолға алынды. Еліміздің әскери қызметін күшейтіп қана қоймай, отанымызды шын жүректен қорғайтын патриоттардың санын арттыру мақсатымыз бар, – деді Нұржан Жетпісбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға