Жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова әлем чемионатының финалына шықты

Жәмила Бақбергенова жартылай финалда румыниялық Александра Анхелді жеңді.
Жәмила Бақбергенова әлем чемионатының финалына шықты
Фото: prosports.kz 14.09.2022 23:15 1035

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенов күрес түрлерінен Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәмила Бақбергенова жартылай финалда румыниялық Александра Анхелді жеңді.

72 келіге дейінгі салмақтағы финал ертең сағат 22:00-ден кейін Qazsport арнасында көрсетіледі.

Өткен жылы Жәмила Ослода өткен әлем чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ қазақстандық екі рет (2020, 2022) Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға