Жаңалықтар

Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті

Ол 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті
27.09.2022 19:47 721

Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚР ІІБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. 

Іс-шара барысында қызметкерлермен мекеменің әкімшілік аумағына 4 полиэтиленді пакетке оралған өткір иісті, өсімдік тәрізді, жасыл түсті заттарды лақтырған ер адам анықталды. Ол 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол түзеу мекемесінің әкімшілік аумағына жалпы салмағы 327,39 грамды құрайтын кептірілген марихуананы лақтырған. 

Бірақ тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында оның жымысқы ойы жүзеге аспады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға