Жаңалықтар

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады
Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды
Фото: gov.kz 02.09.2022 20:18 1537

Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы көпірлердің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын анықтады, деп хабарлайды El.kz

«Полиэтилен пакетінен МП-79-9 травматикалық тапаншасы, белгісіз маркалы 2 тапанша, 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон, Макаров маркалы тапанша табылды», деді облыстық ІІД.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалғаны атап өтілді.

«Жамбыл облысының полиция департаменті қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі», деп қосты полицейлер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға