Жаңалықтар

Тамыз айында тұрғын үй нарығындағы бағалар біршама қымбаттады

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді
Тамыз айында тұрғын үй нарығындағы бағалар біршама қымбаттады
Фото: gov.kz 08.09.2022 18:42 892

Тамыз айында тұрғын үй нарығындағы бағалар біршама қымбаттады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Жылдық мәнде (2022 жылғы тамыз 2021 жылғы тамызға) пәтерлерді қайта сату бағасы – 25,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 18,1% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы тамызда 31,8% артты. 2022 ж. тамыз айындағы шаршы метр бағасы: Жаңа тұрғын үйді сату - 425 615 тг Қолданыстағы тұрғын үйлерді қайта сату - 469 777 тг Жалға алу төлемі - 4 029 тг.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға