Жаңалықтар

Төреғали Төрәлі белгісіз адамды не үшін ұрғанын түсіндірді

Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан
Төреғали Төрәлі белгісіз адамды не үшін ұрғанын түсіндірді
Фото: polisia.kz 30.09.2022 20:10 1277

Алматы облысының Талғар ауданында тергеу абақтысында отырған әнші Төреғали Төрәлі Ұлттық паркте белгісіз адамды ұруының себебін осылай түсіндірді, деп хабарлайды El.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты.

Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегіс соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған. 

Сондай-ақ әлеуметтік желіге тараған видеодан әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.

Аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелгенін еске салайық», - полиция мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға