Ұстаздар арасында кәсіби стандарт бекітіледі

Кәсіби стандарт бекітілгенге дейін педагогтермен және басқа да мүдделі тараптармен кең талқылаулар жүргізіледі.
ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден 24.09.2022 07:30 3228

«Педагог» кәсіби стандартын қабылдау бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі «Педагог» кәсіби стандартын қабылдау бойынша жұмыстарды аяқтауға жақын. Осы кәсіби стандартты ескере отырып, білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіптік даму мазмұны әзірленіп, жаңартылады. Қосымша педагог кадрларды қызмет бабында жоғарылату стратегиясы құрылады. Кәсіби стандарт бекітілгенге дейін педагогтермен және басқа да мүдделі тараптармен кең талқылаулар жүргізіледі. Нәтижесінде «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай бағдарына айналады, - деп тоқталды министр.
Бұған қоса, брифингі барысында Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетінін мәлім етті.

Оның айтуынша, мұндай механизм қазіргі таңда бірнеше балабақшада сынақтан өтіп жатыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz