Жаңалықтар

Спорт саласында заңға өзгерістер енгізілмек

2025 жылға дейін 141 спорттық нысанға 136 миллиард теңге бөлінді
Спорт саласында заңға өзгерістер енгізілмек
Фото: el.kz 19.08.2022 18:09 1777

Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Бекболат Байжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан спортшылары бүгінгі күнде ірі халықаралық жарыстарда үздік нәтижелермен қуантып жатыр. Осы ретте біз спортты нығайту, жандандыру үшін бірнеше реформалды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде бірнеше заңнамаларға өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр. Материалдық тұрғысынан да елді-мекендерге бюджет қарастырудамыз. Сонымен қатар, өңірлерде спортты дамыту делегациясын құру басты жоспарлардың қатарында. Аталмыш делегация облыстағы команда жаттығу жұмыстарын дұрыс жолға қоя отыра, құрал-жабдықтармен қамту жағынан тікелей көмек көрсетеді. Қаржыландыру жүреді», - деді Бекболат Байжанов.

Бүгінде қазақстандықтардың 34,2%-ы  жүйелі түрде спортпен айналысады. Оларға арнап ай сайын немесе апта сайын түрлі спорт байқаулары өткізіліп отырады. Осы ретте Бекболат Құстұтынұлы алдағы болатын жарыстар жайлы айтты:

«Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада; 11 қыркүйек Түркістанда Тұран барысы; 15-30 қыркүйек аралығында «Бәйге» марофоны өтеді. Ол Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістанды қамтиды. Жалпы қашықтығы 1200 км. Оған әр облыстан 20 команда қатысады», - деді ол.

Сондай-ақ, заңнамалық өзгерістерге бірнеше бағыт қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Білім және оқу ағарту министрлігімен бекітілген заң бойынша барлық мектептерде заң бойынша 3 сағаттық дене шынықтыру сабағы өтеді. Алайда, Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті бұл спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарынан алынып тасталынуы қажет деп есептейді.

Отырыста спортшылардың халықаралық немесе жергілікті жарыстарға қатысулары үшін өз қалталарынан қаражат шығаратындығы жайлы сөз қозғалды. Бұл сауалға ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова жауап берді.

«Жыл сайын тамыз айында Қазақстан бойынша спортшылар арасында іріктеу өтеді. Солардың ішінен дарынды деп танылған спортшыларға түгелдей мемлекет қаражат бөледі. Бүгінгі таңда 386 мың бала осы бағытта қамтасыз етіліп отыр. Алдағы онжылдықта қазақ спортшылар үздіктер қатарынан еселеп көрінеді деген үміттеміз», - деді Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бекітілген жоспар бойынша 2025 жылға дейін Қазақстан аумағында 141 спорттық нысанды қайта жөндеу, жаңадан салу жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық жерлерде тез салынатын спорт сарайлары салынатын болады. Сонымен қатар, ұлттық ойындарға оның ішінде саятшылық өнерді дамытуға, құрал жабдықпен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылады. Егер де, тұрғындар сапа жағынан сенімді болмаса адалдық алаңы арқылы арыз-шағым жазуға құқылы. Шағым түскен бойда мемлекеттік органдар ғимаратты тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға