Жаңалықтар

Шекарадан 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен өткізбек болған

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізді
Шекарадан 4 млн қораптан астам темекіні  контрабандалық жолмен өткізбек болған
Фото: gov.kz 05.08.2022 20:17 1016

Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырысты. Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы – 1,2 млрд теңге, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде «сәйкестендіру құралдарымен таңбалаусыз темекіні» заңсыз алып өтуге байланысты кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық 3 фактінің қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.

Мысалы, «Алматы» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлері Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жүкті тексеру кезінде таза салмағы – 24,2 тонна, (1,422 млн қорап) темекі тапты. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің сомасы – 403 млн теңге болды. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәселені шешу үшін көлік прокуратурасына берілді.

Сондай-ақ, «Алматы» КРО қызметкерлері Латвиядан Қазақстан аумағына әкелінетін, салмағы – 13 тонна (656 мың қорап) осыған ұқсас жүкті ұстады. Бюджетке төлеуге тиісті сомасы – 184,5 млн теңге.

«Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік жете4 тексеру барысында инвойсқа сәйкес 45,6 мың орам көлемінде «дәретхана қағазы» деп мәлімделген тауарды анықтаған. Алайда, алдын ала тексеру барысында «сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған темекі өнімдері» тауары нақты анықталды. Саны – 2, 090 млн қорап. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала есептелген сомасы – 587,9 млн теңге», - делінген Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылғы қазаннан бастап барлық импортталған сигареттер Қазақстан аумағына не кеден қоймаларына әкелгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға тиіс.

Осы орайда, Комитет ҚР Кеден кодексі 34-бабының 1-тармағына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға