Рим Папасы: Қазақстан – өркениет пен батылдықтың үлгісі

Рим Папасы Қазақстанның осындай үш съезд өткізгенін атап өтті. 
Vaticannews
Фото: Vaticannews 02.10.2022 02:24 276
21 қыркүйекте Рим Папасы Франциск дәстүрге сай жалпы аудитория алдында сөйлеген сөзін өзінің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындыларына арнады, деп хабарлайды El.kz.

Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған мыңдаған пірадарлар алдында сөз сөйлеген Рим Папасы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды, деп жазды Vatican News.

Католик шіркеуінің басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік діндер көшбасшылары съезін ұйымдастырудағы ынтазарлығына және қонақтарды шын жүректен жылы қабылдағаны үшін" тағы да алғысын білдірді.

Рим Папасы Қазақстанның осындай үш съезд өткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет діндерді "бір-бірін тыңдап, құрмейттейтін" бейбіт әлем құруға жұмсалатын күш-жігер орталығына қойып отыр.

Бұл - атеистік режимнің қамытынан босап шығып, енді бір-біріне араластырмай, сондай-ақ бір-бірінен бөліп-жармайтындай саясат пен дінді біріктіретін өркениеттің жолын ұсынған, фундаментализм мен экстремизмді сөзсіз айыптайтын Қазақстан үкіметінің ерен еңбегі. Бұл арадағы бірліктің таразыланған ұстанымы осындай, - деді Рим Папасы Франциск.



Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz