Жаңалықтар

Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусы ашылады

Бұл туралы ҚР Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев мәлім етті
Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусы ашылады
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының баспасөз қызметі 04.08.2022 19:43 1040

Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусында пульмонология және нефрология, гастроэнтерология және эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бөлімдері орналасады. Бұл туралы ҚР Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.

«Сонымен қатар, аталған корпуста күндізгі стационар, интенсивті терапия блогы, инсульт, миокард инфарктісі, кардиохирургия, нейрохирургия және ортопедиялық операциялардан кейінгі науқастарды оңалту блогы шоғырланады.

Аурухананың бірінші корпусын тұтастай хирургияға беру туралы шешім қабылданып отыр. Жаңа корпустың диагностикалық базасы жоғары санатты эксклюзивті технологиялардан тұрады, ол заманауи озық қондырғылармен жабдықталған.

Диагностикалық жабдықтарды пайдаланатын мамандар алдын ала іріктеліп, алыс-жақын шетелдердің үздік емханаларында тәжірибеден өткен. Қазір диагностикалық кешендерді реттеу және калибрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық жабдықтар толық орнатылды. Жаңа медициналық нысан осы айдың ішінде ашылады», – дейді Айбек Дәдебаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға