Президент: Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты

2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келді
El.kz
Фото: El.kz 27.09.2022 12:22 174

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Менің қасиетті Түркістанға ықыласым ерекше екенін білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды дәл осы жерден бастаған едім. Содан бері мұнда көптеген оң өзгеріс болды. Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды. Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келді.

«Түркістан – еліміздегі ең басты туристік орталықтың бірі. Осы аймаққа келіп жатқан көптеген меймандар – соның айқын көрінісі. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келді», - деді Мемлекет басшысы

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz