Жаңалықтар

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында тұрақтылықтың үш қағидатын атады

Үш аса маңызды қағидаттардың арасындағы байланысты қайта безбенге салуымыз керек
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында тұрақтылықтың үш қағидатын атады
20.09.2022 23:09 744

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясында сөйлеген сөзінде халықаралық тұрақтылықтың үш қағидатын атады, деп хабарлайды El.kz.

«77 жыл бұрын ББҰ-ның негізін қалаушылар ұйымның Жарғысында халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын бекітіп кеткен болатын. Ол нормаларды сол кезден бері табысты қолданып келдік. Бүгінде осынау дүниежүзілік ұйымның бастауында жатқан негіз түзуші қағидаттарға қайта оралудан маңызды ештеңе жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекеттердің егемендігі оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты екенін еске салды.

«Біз «мемлекеттердің егемендік теңдігі», «мемлекеттердің аумақтық тұтастығы» және «мемлекеттердің бейбіт тіршілік етуі» дейтін үш аса маңызды қағидаттардың арасындағы байланысты қайта безбенге салуымыз керек. Бұл үш қағидат бір-біріне өзара тәуелді. Бір қағидатты құрметтеу – қалған екі қағидатты сақтау. Бір қағидатты бұзу – қалған екі қағидатты бұзу»,- деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға