Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады

Бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.
Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 22.09.2022 22:45 711

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға